Л.Ж. Гумарова, б.ғ.к., профессор. 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетін бітірген. 1991-1993 жылдар аралығында Ақтөбелік мемлекеттік медициналық институтының медициналық биология және генетика кафедрасына мұғалім жұмысына қабылданады. 1993 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның адам және жануарлар физиологиясының кафедрасында аспирант, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор ретінде жұмыс істеп жүр. 2012-2013 жылдары АҚШ-та Миннесота университетінде «Болашақ» ғылыми стажировка бағдарламасы бойынша ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2004-2006 жылдары ҚР дарынды жас ғалымдардың мемлекеттік ғылыми стипендия иегері, 2011 жылы Президенттің халықаралық «Болашак», 2014 CRDF Global стипендиялардың иегері, 2016 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылады. Гумарова Л.Ж - AP05133311 «Адамның жүрек-қантамыр жүйесінің қоршаған ортаның әлеуметтік-экологиялық және абиотикалық факторларға бейімделуінің хронофизиологиялық механизмдерін зерттеу» ғылыми жобасының ғылыми жетекшісі, ғылыми жоба ҚР ҒБМ-мен қаржындалынады, орындалу уақыты - 2018-2020 жж. Л.Ж. Гумарова «Биофизика», «Радиобиология», «Хронобиология» пәндерден қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәрістер оқып, семинарлық пен практикалық сабақ жүргізеді. Ғылыми-зерттеу ізденістерінің саласы – хронофизиология, биофизика. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері халықаралық және республикалық конференциялар мен конгрестерде талқыланады. Ғылыми еңбектердің жалпы саны – 150 дана. Хронобиология аумағында бірнеше ғылыми-зерттеу жұмысының басты орындаушысы болған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1991

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
26.01.2001

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
22.10.2009
профессор
09.12.2009
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

15

Цитирования
28 по 22

құжаттар

h-индексі

3